«Есептеуіш жүйені жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәнінен ашық сабақ өтті
2024-05-18
Оқытушы: Нахипова Венера
Тақырып: ЕТҚ жандандыру және кескіндеу. Корпустың ішкі бөліктерін түсіндіру
2022 жылғы 8 қарашада магистр, аға оқытушы Нахипова Венера ИЭФ-19-9к тобына «Есептеуіш жүйені жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәні бойынша «ЕТҚ жандандыру және кескіндеу. Корпустың ішкі бөліктерін түсіндіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Аталған сабақтың мақсаты - студенттердің есептеуіш техникалық құралдарды жандандыру, олардың жұмыс істеу принциптерін түсіну, сондай-ақ компьютер корпусының ішкі құрылғыларының құрылымы мен қызметін жан-жақты меңгеруіне жағдай жасау болды.
Сабақ барысында оқытушы есептеуіш техниканы іске қосу және жандандыру кезеңдерін жүйелі түрде түсіндіріп, компьютердің негізгі ішкі бөліктеріне – аналық тақшаға, процессорға, жедел жадқа, деректерді сақтау құрылғыларына, қорек көзіне және басқа да компоненттерге - ғылыми тұрғыда сипаттама берді. Құрылғылардың өзара байланысы, олардың атқаратын қызметтері және техникалық қызмет көрсету талаптары нақты мысалдар арқылы талданды. Теориялық материал тәжірибелік элементтермен ұштастырылып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.
Ашық сабақ оқу үдерісінің талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Студенттер белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды орындау барысында өз білімдерін көрсетті. Сабақтың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсатқа толықтай сәйкес келіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.