Erasmus+ бағдарламасына қатысу үшін студенттерді іріктеу
2026-01-05
Медиатека / Жаңалықтар / Erasmus+ бағдарламасына қатысу үшін студенттерді іріктеу
2–3 курс студенттері Erasmus+ халықаралық бағдарламасы аясында серіктес жоғары оқу орындарында білім алу үшін іріктеуден өту мүмкіндігіне ие.
Конкурстарға сәтті қатысу және өтінімдерді дайындау үшін білім алушыларға арналған консультациялар өткізіледі. Онда іріктеу критерийлері, қажетті құжаттар және шетелде оқудың ерекшеліктері туралы толық ақпарат алуға болады.
Академиялық көкжиегіңізді кеңейту және халықаралық тәжірибе жинақтау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Консультация күндері мен өтінім беру мерзімдері туралы хабарландыруларды бақылап отырыңыз.
