Тәшенев университеті Термез мемлекеттік университетімен ынтымақтастықты нығайтты
background

Тәшенев университеті Термез мемлекеттік университетімен ынтымақтастықты нығайтты

2023-09-19

Медиатека / Жаңалықтар / Тәшенев университеті Термез мемлекеттік университетімен ынтымақтастықты нығайтты

Халықаралық байланыстарды дамыту аясында Тәшенев университетінің делегациясы Термез мемлекеттік университетіне (Өзбекстан) іс-сапармен барды.

Жұмыс сапары барысында келіссөздер жүргізіліп, ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Тараптар академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми зерттеулер, тәжірибе алмасу және білім беру жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Бұл сапар серіктестік қарым-қатынастарды кеңейтудегі және университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.