Халықаралық білім беруді цифрлық трансформациялау: Тәшенев университеті және STUDY in Kazakhstan платформасы
2026-01-29
2026 жылғы 29-30 қаңтарда Астана қаласында ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының базасында шетелдік азаматтарды Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту және бейімдеу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Іс-шараға халықаралық бөлімдер мен қабылдау комиссияларының өкілдері қатысты. Тәшенев университеті қызметкерлердің шетелдік талапкерлермен жұмыс істеу құзыреттілігін арттыруға бағытталған семинардың белсенді қатысушысы болды.
Шетелдік студенттерді қабылдау және сүйемелдеу үшін заманауи цифрлық мүмкіндіктер ашатын жаңа STUDY in Kazakhstan білім беру платформасының таныстырылымы ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар жүйенің функционалымен танысып, халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша Тәшенев университетінің өкілдері алынған білімнің практикалық маңыздылығын және жұмысқа жаңа құралдарды енгізуге дайын екендіктерін атап өтті.

