ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ БАТЫС МАКЕДОНИЯ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ТЫҒЫЗ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА
2023-06-14
Медиатека / Жаңалықтар / ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ БАТЫС МАКЕДОНИЯ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ТЫҒЫЗ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА
Ташенев университеті Батыс Македония университетімен (Грекия) магистрлік білім беру саласындағы серіктестікті дамыту мүмкіндіктерін қарастыруда.
Биотехнология, мал шаруашылығы, жеміс-көкөніс шаруашылығы және ветеринария салаларындағы магистрлік бағдарламаларды дамыту мен жаңғырту бойынша бірлескен жұмыс, сондай-ақ академиялық тәжірибе алмасу және ғылыми зерттеулерге қатысу жоспарлануда.
Ынтымақтастықтың бұл бағыты жоғары білікті мамандарды даярлау және Ташенев университетіне халықаралық білім беру стандарттарын енгізу үшін жаңа перспективалар ашады.
