ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ФЫРАТ УНИВЕРСИТЕТІМЕН СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУДА
2023-02-08
Медиатека / Жаңалықтар / ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ФЫРАТ УНИВЕРСИТЕТІМЕН СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУДА
Ташенев университеті халықаралық ынтымақтастықты кеңейте отырып, Фырат университетімен (Түркия) өзара уағдаластықтарға қол жеткізді.
Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыру, сондай-ақ білім беру және инновациялық қызметте тәжірибе алмасу туралы келісті.
Жаңа серіктестік университеттің халықаралық байланыстарын нығайтудағы және білім алушылар мен ғылыми қауымдастық үшін мүмкіндіктерді кеңейтудегі маңызды қадам болмақ.
