10 Шілде 2023 Ташенев университеті халықаралық көжиегін кеңейтуде
2023-07-10
Ташенев университеті белсенді халықаралық интеграцияны жалғастыра отырып, Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Каподистрия атындағы Афина ұлттық университетімен (Грекия) қол жеткізілген уағдаластықтар туралы хабарлайды.Сәтті келіссөздер нәтижесінде тараптар ынтымақтастық туралы келісім жасасуға және бірлескен білім беру мен ғылыми бастамаларды іске асыруға ниетті екендіктерін растады. Серіктестіктің негізгі бағыты STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) саласындағы қос дипломды білім беру бағдарламасын әзірлеу болмақ.
Бірлескен оқу тректерін құру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, халықаралық зерттеу жобаларына қатысу, сондай-ақ инновациялық технологиялар мен білім беруді цифрлық трансформациялау саласында тәжірибе алмасу жоспарлануда.
Жаңа серіктес жоғары оқу орны Еуропадағы ең көне әрі беделді университеттердің қатарына кіреді. Бұл Ташенев университетінің студенттеріне еуропалық диплом алуға және халықаралық еңбек нарығында бәсекелестік артықшылықтарға ие болуға жол ашады. Келісімге қол қою — университеттің жаһандық даму стратегиясы бар серпінді білім беру орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтудағы кезекті қадамы болмақ.
