ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҒУДА: ИТАЛИЯМЕН ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ!
background

ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҒУДА: ИТАЛИЯМЕН ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ!

2024-12-19

Медиатека / Жаңалықтар / ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҒУДА: ИТАЛИЯМЕН ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ!

ашенев университеті халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам жасады — италиялық «Italy4East International» компаниясымен өзара іс-қимыл туралы шартқа қол қойылды.

Келісім Қазақстан мен Италия арасындағы бірлескен білім беру, ғылыми және бизнес-жобаларды дамытуға бағытталған. Ынтымақтастық аясында академиялық алмасу бағдарламаларын іске асыру, студенттердің италиялық компанияларда тағылымдамадан өтуі, шетелдік профессорларды шақыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ халықаралық форумдар мен конференциялар өткізу жоспарлануда.

Серіктестік университет студенттері мен оқытушылары үшін мәдениет, туризм, инновациялар мен бизнес салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ «Made with Italy – Made with Shymkent» халықаралық экожүйесін құруға ықпал етеді.

Ташенев университеті белсенді халықаралық даму стратегиясы бар заманауи жоғары оқу орны ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.