📚✨ Ашық сабақ өтті!
2026-02-15
📚✨ Ашық сабақ өтті!
Мырзашев атындағы №76 жалпы орта білім беретін мектеп 4 «В» сыныбында ПИК 23-5к-12 топ студенті, практикант Берикбосын Айарудың математика пәнінен өткізілген ашық сабақ
Математика пәнінен №107 сабақ – «Пайыздар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Т., әдіскер Кенжебекова Р.И. . Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі мен практиканттар қатысты.
Сабақ барысында оқушылар:
➗ Пайыз ұғымын меңгерді
📊 Пайызды бөлшекке және ондық бөлшекке айналдыруды үйренді
🧠 Санның пайызын табу есептерін орындады
Сабақ белсенді оқыту әдістері арқылы ұйымдастырылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Топтық жұмыс пен практикалық тапсырмалар арқылы білімдері бекітілді.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Қатысушылар тарапынан оң баға берілді.
📌 Білімді ұрпақ – болашақ кепілі!



