27.11.2025ж. күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында «Бітіруші студенттердің өндірістік, диплом алдындағы іс-тәжірибені өткізу және рәсімдеу әдістемесінің ерекшеліктері»
2025-11-27
Медиатека / Жаңалықтар / 27.11.2025ж. күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында «Бітіруші студенттердің өндірістік, диплом алдындағы іс-тәжірибені өткізу және рәсімдеу әдістемесінің ерекшеліктері»
27.11.2025ж. күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында «Бітіруші студенттердің өндірістік, диплом алдындағы іс-тәжірибені өткізу және рәсімдеу әдістемесінің ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.Бұл семинардың негізгі мақсаты – бітіруші курс студенттерінің өндірістік және диплом алдындағы іс-тәжірибесін тиімді ұйымдастыру, оның мазмұны мен құжаттамасын рәсімдеу тәртібін нақтылау болды. Іс-тәжірибе – студенттің теориялық білімін практикамен ұштастыратын маңызды кезең, сондықтан оны дұрыс жоспарлау мен әдістемелік тұрғыда сауатты жүргізу өзекті мәселе болып табылады.


