2025-2026 оқу жылында 6В01201 - «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» БББ-ның 4-курс білім алушылары белгіленген оқу жоспарына сай №48 «Береке» балабақшасында өндірістік іс-тәжірибеден өтті
2026-02-13
2025-2026 оқу жылында 6В01201 - «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» БББ-ның 4-курс білім алушылары белгіленген оқу жоспарына сай №48 «Береке» балабақшасында өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Студенттер практика барысында теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді. Мектепке дейінгі жастағы балалармен тіл табысып, мақсаттарына жете білді.
Кафедра тарапынан «УЕ-36-24 СМЖ Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу» ережесіне сәйкес, өндірістік практика бойынша жұмыс бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулар әзірленіп, бекітілді. Ережеде студенттерге практикадан өту кезінде қойылатын талаптар мен тапсырмалар, практиканың мазмұны, есеп беру құжаттарының түрлері, оларды ресімдеу үлгілері және басқа да қажетті талаптар нақты көрсетілген.