АШЫҚ САБАҚ
background

АШЫҚ САБАҚ

2025-04-14

Медиатека / Жаңалықтар / АШЫҚ САБАҚ

АШЫҚ САБАҚ

«Ж.А.Тәшенев атындағы университет» АҚ

«Педагогика және өнер» факультеті

«Тарих және география» кафедрасы

 

т.ғ.к. аға оқытушы Мейрбеков М.Б. "Тоталитарлық жүйе жағдайындағы Қазақстан " тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

Білім  алушылардың   назарын  сабаққа  аударып, Тоталитарлық жүйе жағдайындағы Қазақстан XX ғасырдың 20-шы жылдарының аяғынан бастап 1980-шы жылдардың аяғына дейінгі Кеңес Одағының құрамында болған кезеңін білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан тікелей Мәскеуден басқарылып, Коммунистік партияның толық бақылауында болды деп таныстырды. Дәрістің өтілу жоспарымен студенттерге құнды ақпараттар ұсынылып, сұрақтарға белсенді жауап берілді. Студенттер дәріс барысында оқытушымен бірігіп тақырыпты егжей-тегжей талқылады.

Ашық сабаққа кафедраның ғылым магистрі, аға оқытушылар Таубаев Сейтхан Сазаханұлы, Жузжасарова Ахмарал Аймаханбектқызы, Момынқұл Нұрай Маратқызы қатысты. «Тоталитарлық жүйе жағдайындағы Қазақстан» тақырыбында жаңа ақпараттар мен фактілер айтылды. Дәріс барысында оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, плакат, презентация, ноутбук, интерактивті тақтамен жұмыс жасалды. Дәріске студенттер белсене қатысып қызығушылығын оятып,  түрлі  әдіс – тәсілдерді қолдана білген Мейрбеков М.Б. дәрісті жоғары деңгейде өткізді. Шығармашыл оқытушы  екенін тағы да бір дәлелдеді. Алдағы уақытта тек ізденістер, биік белестер тілейміз!