АШЫҚ САБАҚ
2026-02-11
АШЫҚ САБАҚ
«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет» АҚ
«Педагогикалық және гуманитрлық білім беру» факультеті
«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы
тарих магистрі, аға оқытушы Абилова А.К. "Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі. Мәдениеттің көшпелілік типтері: мәдени мәліметтерді кодтаудың формалары мен тәсілдері" тақырыбында
ашық сабақ өткізді.
Білім алушылардың назарын сабаққа аударып, Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді.
Тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықтан да, біз: тіл – ойлаудың құралы, - дейміз, деп таныстырды. Семинар сабағы өтілу жоспарымен студенттерге құнды ақпараттар ұсынылып, сұрақтарға белсенді жауап берілді. Студенттер сабақ барысында оқытушымен бірігіп тақырыпты егжей-тегжей талқылады.
Ашық сабаққа кафедраның ғылым магистрі, аға оқытушылар Аманалиев Қайсар , Жузжасарова Ахмарал Аймаханбектқызы қатысты. «Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі. Мәдениеттің көшпелілік типтері: мәдени мәліметтерді кодтаудың формалары мен тәсілдері» тақырыбында жаңа ақпараттар мен фактілер айтылды. Ашық сабақ барысында оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, плакат, презентация, ноутбук, интерактивті тақтамен жұмыс жасалды. Ашық сабаққа студенттер белсене қатысып қызығушылығын оятып, түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана білген Абилова А.К. сабақта жоғары деңгейде өткізді. Шығармашыл оқытушы екенін тағы да бір дәлелдеді. Алдағы уақытта тек ізденістер, биік белестер тілейміз!

