6В04104 – IT менеджмент және 6В06106 – Іскерлік әкімшілік білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері Шымкент қаласындағы Shymkent Hub инновациялық орталығына таныстыру сапарымен барды.
background

6В04104 – IT менеджмент және 6В06106 – Іскерлік әкімшілік білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері Шымкент қаласындағы Shymkent Hub инновациялық орталығына таныстыру сапарымен барды.

2026-02-12

Медиатека / Жаңалықтар / 6В04104 – IT менеджмент және 6В06106 – Іскерлік әкімшілік білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері Шымкент қаласындағы Shymkent Hub инновациялық орталығына таныстыру сапарымен барды.

6В04104 – IT менеджмент және 6В06106 – Іскерлік әкімшілік білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері Шымкент қаласындағы Shymkent Hub инновациялық орталығына таныстыру сапарымен барды. Сапар барысында студенттер орталықтың негізгі құрылымы, жұмыс істеу жүйесі және стартап-жобаларды қолдау тетіктерімен танысты. 

Кездесу аясында хаб өкілдері IT саласындағы заманауи үрдістер, кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері, инкубациялық және акселерациялық бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берді. Студенттер цифрлық технологиялар, жобалық менеджмент және инновациялық экожүйенің ерекшеліктері жөнінде құнды мәліметтер алды.

 Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру және стартап мәдениетін дамытуға қызығушылығын арттыру болды.

 

Осындай танымдық кездесулер студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына оң ықпал етеді.