Студенттік құрылтай 2026
background

Студенттік құрылтай 2026

2026-02-11

Медиатека / Жаңалықтар / Студенттік құрылтай 2026

                               Студенттік  құрылтай

1.Студенттік құрылтай

    Студенттік құрылтай – бұл студенттердің мүдделері, мақсаттары мен міндеттерінің ортақтығы негізінде құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын, студенттердің қоғамдық бірлестігі.

Tashenev University студенттік құрылтай-университеттің студенттік өзін-өзі басқарудың тұрақты жұмыс істейтін өкілді алқалы органы, оның қызметі білім алушылардың білім беру процесін басқаруға қатысу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге, студент жастардың тыныс-тіршілігінің маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және іске асыруға бағытталған.

Бүгінде университеттің жастар құрылтайы студенттік өмірдің бос уақытын ұйымдастырушы ғана емес, бірінші кезекте ЖОО-ны басқаруда белсенді қатысушы болып табылады. Бұл жағдайда студенттік кеңестің активі студенттерге білім беру қызметін көрсететін университеттің әкімшілігі үшін әлеуетті серіктес және кері байланыс болып табылады.

 

Tashenev University студенттік құрылтай мақсаты

1) жоғары оқу орнын басқаруға, білім беру процесінің сапасын бағалауға студенттердің құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.

2) университеттің әлеуметтік маңызды студенттік бастамаларын дамыту және қолдау.

3) студенттік дәстүрлерді сақтау және дамыту, азаматтық мәдениетті, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуіне, дербестігіне, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту қабілетіне жәрдемдесу.

 

 

Tashenev University  студенттік құрылтай міндеттері

1) білім беру, ғылыми, мәдени, әлеуметтік және ұйымдастырушылық және тұрмыстық салалардағы өзекті қажеттіліктерін талдау арқылы студенттердің проблемаларын ескере отырып, университеттің білім беру және оқу ісінен тыс қызметінің негізгі бағыттары және оларды іске асыру тетігі бойынша ұсыныстар әзірлеу.

2) студенттердің мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешуге және проблемаларды талдауға жәрдемдесу, оларды шешу жолдары мен әдістерін іздеу.

3) тәрбие үдерісін ұйымдастыруда студенттердің мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешуде университет әкімшілігіне көмек көрсету.

4) азаматтық мәдениетті, университет студенттерінің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

5) білім алушылар мен университет оқытушылары (қызметкерлері) арасындағы құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау және дамыту.

6) университет студенттерінің жеке және кәсіби қасиеттерін дамыту мен жүзеге асыруға ықпал ету.

7) білім алушылардың университеттің ғылыми және инновациялық қызметіне қатысуын ұйымдастыру.

8) білім алушылардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу.

  

СТУДЕНТТІК ҚҮРЫЛТАЙ— ЖАҢА СТУДЕНТТІК КӨШБАСШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Tashenev University-де студенттердің бастамаларын қолдауға, жастар арасындағы көшбасшылық мәдениетті қалыптастыруға және университет пен студенттік орта арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған Студенттік құрылтай  атты жаңа басқару моделі ресми түрде құрылды.Бұл модель — студенттердің үнін естуге, олардың ұсыныстарын жүзеге асыруға және жастарға қатысты шешімдерді бірге қабылдауға арналған ашық алаң. Студенттік кеңес университет жастарының белсенділігін арттырып, факультеттер арасындағы байланыстарды күшейтетін маңызды құрылым болмақ.

ҚҰРАМ:
СТУДЕНТТІК РЕКТОР
 — Даур Амина Қайратқызы
Студенттер қауымының бас өкілі. Университет деңгейіндегі студенттік мәселелер мен жобаларды үйлестіріп, жастар атынан ұсыныстар енгізеді және барлық бағытты стратегиялық түрде басқарады.

СТУДЕНТТІК ПРОРЕКТОР — Абдигапбарова Мерей Мұхамеджанқызы, Үсенқызы Жансая
Факультеттер арасындағы бірлескен жұмысты ұйымдастырып, студенттік бастамалардың жүзеге асуын бақылап, іс-шаралардың сапалы өтуіне жауап береді.

СТУДЕНТТІК ДИРЕКТОР — Тулеген Назерке Нұрлыбекқызы
Студенттік кеңсенің ішкі жұмысы, коммуникация, контент және ұйымішілік ақпарат алмасу процестерін жүйелейді.


 

СТУДЕНТТІК ДЕКАНДАР:

Иса Мұхаммед — Педагогика және гуманитарлық білім факультеті
— Факультет студенттерінің мүддесін қорғайды, ұсыныстарын жеткізеді.

Рашитова Әдемі — Мәдениет және спорт факультеті
— Шығармашылық пен спорт бастамаларын дамытуға жетекшілік етеді.

Мирсагатов Мырсултан — Экономика және құқық факультеті
— Студенттердің академиялық және әлеуметтік мәселелерімен жұмыс жүргізеді.

Базарбай Айнұр — IT және жаратылыстану факультеті
— Ғылыми, техникалық жобалар мен инновациялық идеяларды қолдайды.

“Жастар рухы” жетекшісі  — Керимбай Гүлмарал

СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ

Жалпы ереже

Студенттердің тұрақты даму қоғамдастығы – университет студенттерінің экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрақты даму қағидаттарын қолдауға және ілгерілетуге бағытталған ерікті бірлестігі.

Мақсаты

Студенттер арасында тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру, экологиялық сананы арттыру және университетте тұрақты даму бастамаларын жүзеге асыру.


Міндеттері

1.    Тұрақты даму қағидаттарын насихаттау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2.    Экологиялық акциялар, сенбіліктер және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру;

3.    Қайта өңдеу, қалдықтарды азайту және энергия үнемдеу бастамаларын қолдау;

4.    Әлеуметтік жауапкершілік жобаларын іске асыру;

5.    Студенттердің ғылыми-зерттеу және инновациялық экожобаларын қолдау;

6.    Университет аумағында «жасыл кампус» мәдениетін қалыптастыру;

7.    Халықаралық және республикалық тұрақты даму бағдарламаларымен ынтымақтастық орнату.


Негізгі бағыттары

 Экологиялық тұрақтылық
– Қалдықтарды сұрыптау, ағаш отырғызу, пластикті азайту бастамалары.

 Әлеуметтік тұрақтылық
– Қайырымдылық жобалары, волонтерлік қызмет, инклюзивті орта қалыптастыру.

 Экономикалық тұрақтылық
– Ресурстарды тиімді пайдалану, стартап жобалар, жасыл технологияларды қолдау.

 Білім беру және ағартушылық жұмыс
– Семинарлар, тренингтер, TEDx форматындағы кездесулер, пікірталас алаңдары.


Күтілетін нәтижелер

  • Студенттердің экологиялық мәдениетінің артуы;
  • Университетте тұрақты даму экожүйесінің қалыптасуы;
  • Жастардың әлеуметтік жауапкершілігінің күшеюі;
  • Тұрақты даму бағытындағы инновациялық жобалардың көбеюі.