Explore Opus 4.6 with extra wiggle room Try our newest model with $50 in extra usage, even if you hit your plan limit. Claim by February 16. Terms apply
background

Explore Opus 4.6 with extra wiggle room Try our newest model with $50 in extra usage, even if you hit your plan limit. Claim by February 16. Terms apply

2026-01-09

Медиатека / Жаңалықтар / Explore Opus 4.6 with extra wiggle room Try our newest model with $50 in extra usage, even if you hit your plan limit. Claim by February 16. Terms apply

6 ақпанда Жұмабек Тәшенев атындағы университет мен Шымкент қаласының өзбек этномәдени бірлестігімен бірлесе жалпы білім беретін орта мектептердің 10-11 сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында Науаи шығармашылығы және 21-ғасыр» атты әдеби-мәдени кеш өтті.

Әлем әдебиетінің өкілі, халықтар достығын жырлаған ақын, жазушы, қоғам қайраткері Алишер Науаи шығармашылығына терең үңілу арқылы өзбек тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау мақсаты мен шығармаларында көркемделген жалпыұлттық құндылықтарын насихаттау арқылы халықтар достығын, еліміздің рухани бірлігін нығайту, жалпыұлттық идеяларын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, сондай ақ, өткізілген ісшара арқылы кәсіби бағдар беру аясында талапкерлерді «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығына тарту міндеттерін көздеген кеште жастар өз білімдерін, таланттарын және шығармашылық қабилеттерін паш етті.

Іс-шараға Жұмабек Тәшенев атындағы университеті Әлем тілдері институтының директоры Жанна Ботабаева, «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының меңгерушісі Шынар Ергешбаева, сондай-ақ профессорлар, оқытушылар, студенттер және мектеп оқушылары белсенді қатысты.

Кеш барысында Науаи шығармаларынан өлеңдер оқып, сахналық қойылымдар орындап, ақындың өмірі мен шығармалары туралы сұрақтарға дұрыс жауап беру шарттарынан тұратын байқауда қатысқан жастар арасында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Кеш әсем ән мен тәтті күйлерге, әдеми билерге ұласты.

Жиырмадан артық қатысушылар ішінен байқаудың ең жарқын қатысушылары: оқушылар арасынан «Бас жүлде» иегері – М.Мәметова атындағы №111 ЖОББМ оқушысы Азадова Хусниябону, 1 орын иегері – Мұқими атындағы №13 ЖОББМ оқушысы Садықова Жасмина және №108 Хамза орта мектебінің оқушысы Әбдіраззақова Зилола, сондай-ақ студенттер арасында «Бас жүлде» иегері – Ж.Тәшенев атындағы университеттің 1-курс студенті Шодикулова Нигора, 1-орынды – Ж.Тәшенев атындағы университеттің 1-курс студенті Рафикжанова Маржона және 2-курс студенті Асадуллаева Мавлуда байқаудың келесі кезеңіне жолдама алды.

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтарды ұйымдастырған Шымкент қалалық этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тохир Нишонбаевқа және демеуші Абай аудандық ӨЭМҚБ төрағасы Илхом Әліқұловқа шын жүректен алғыс айтылды.