«Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби кеш өтті
2025-12-10
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби кеш өтті
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасында «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараға 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі және 6В01201 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту білім беру бағдарламаларының 3-курс білім алушылары қатысты. Ашық тәрбие сағатын кафедраның филология ғылымдарының кандидаты Аккузов А. өткізді.
Тәрбие сағаты барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы, халқымыздың рухани болмысына қосқан зор үлесі жан-жақты баяндалды. Білім алушылардың орындауындағы жыр-толғаулар кештің мазмұнын тереңдете түсті.
Ашық тәрбие сағатына кафедра меңгерушісі Амирова Г.О., сондай-ақ оқытушылар Молдабек Қ., Кенжебекова Р., Нурсеитова Л., Мырзакулова А., Тамабай Ә.М. қатысып, іс-шараның тәрбиелік маңызын жоғары бағалады.


