Ж.А.Тәшенев атындағы университет» АҚ «Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы
2026-01-26
Түркістан облыстық тарихи - Өлкетану музейі-өлкеміздің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани-идеологиялық тәрбие беретін бірден-бір мекеме. Осыған орай 26.011.2025 ж т.ғ.м., Сапарова Нұргүл Төлегенқызының жетекшілігімен білім алушыларға рухани тәрбие беру және «Тарихи өлкетану негіздері» пәніне қосымша ақпарат алу мақсатында 6В01601-«Тарих мұғалімдерін даярлау» мамандығының 2курс ЕП-24-2к1, ЕП-24-2к2, ЕП-24-2к3 топтарына музейін аралау ұйымдастырылды.
Музей қызметкерлері болашақ тарихшылардың назарын аударып, еліміздің өткен тарихи мәдени жәдігерлері мен материалдары туралы тың мәліметтер берді. Білім алушылар музейден көрген білгенін өзара талқылап, біліміне білім қосып, болашақта өз мамандығы бойынша еліміздің тарихына өз үлестерін қосуына қызығушылығы арта түскенін айтты.

