Түркия Республикасынан келген профессор-оқытушы Хасан Фахри Дурал «7М01702 - шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының магистранттарына дәріс өткізді.
2026-01-22
Түркия Республикасынан келген профессор-оқытушы Хасан Фахри Дурал «7М01702 - шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының магистранттарына дәріс өткізді. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, магистранттардың белсенді қатысуымен өтті. Дәріс барысында көршілес және туыс тілдерді үйренудің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Профессор тіл меңгеру екі ел арасындағы ғылыми-мәдени қарым-қатынасты нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосатынын жеткізді. Сонымен қатар, Хасан Фахри Дурал шетелдік әріптестермен бірлесіп ғылыми мақалалар жазу, оларды редакциялау және халықаралық басылымдарға дайындау бағытында тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында ғылыми зерттеу жүргізу, мақала жазу үдерісін жүйелі түрде ұйымдастыру мәселелері де талқыланды. Өткізілген дәріс магистранттар үшін пайдалы әрі тәжірибелік маңызы жоғары болды.


