2026 жылғы 15 қаңтарда серіктес жоғары оқу орны — Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінде
background

2026 жылғы 15 қаңтарда серіктес жоғары оқу орны — Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінде

2026-01-17

Медиатека / Жаңалықтар / 2026 жылғы 15 қаңтарда серіктес жоғары оқу орны — Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінде

2026 жылғы 15 қаңтарда серіктес жоғары оқу орны — Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінде «Түркі халықтарының әдебиеттануы мен этнографиясының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Іс-шара өзбек классикалық әдебиеттану ғылыми мектебінің негізін қалаушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрбай Жабборовтың туғанына 60 жыл толуына арналды.

Конференция жұмысына түрлі елдердің жетекші ғалымдары, зерттеушілері мен оқытушылары қатысты. Ж.А. Тәшенев университеті атынан PhD доктор Ш. Наралиева ғылыми баяндама жасады. Қатысушылар өз сөздерінде түркі халықтарының әдебиеттануы мен этнографиясының өзекті мәселелерін, сондай-ақ классикалық әдеби мұраны зерттеудің заманауи тәсілдерін талқылады.

Конференция тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ғылыми зерттеулерді дамыту үшін маңызды ғылыми алаңға айналды.