Семинар
background

Семинар

2026-01-08


26.11.2025ж., сағат 14-00, 410 дәріс аудиториясында «Экономика және менеджмент» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы Иманова Г.А. «Есеп және аудит ББ бойынша оқу, өндірістік, диплом алдындағы іс тәжірибені өткізу және рәсімдеу әдістеменің» семинары өтті. Семинарға «Экономика және құқық» факультетінің деканы А.Е. Наурызбекова, «Экономика және менеджмент» кафедрасының э.ғ.к, аға оқытушылар  Демесинова А.А, Темирова Ж.Д., Туралина С.М,. аға оқытушылар Саметова Г.А., Сапарбаева Э.А., Абдурахманова З.А. және ИЭФ-24-2к тобынын студенттері қатысты.Тақырыпты ашу барысында білім алушылар бейнебаян бойынша сұрақтарға жауап берді.

Семинар барысында Білім алушылардың практикасының барлық түрін өткізу ғылым мен техниканың жетістіктерін қолдану нәтижесіндегі қаржылық, еңбектік, материалдық ресурстарды тиімді пайдаланудағы өндірістерде, ұйымдарда, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында жүзеге асырылатынын баяндады. Практиканың негізгі мақсаты – білім алушының кәсіпорынның өндірістік жағдайында тәжірибелік ептілігін және алған теориялық білімін базада болашақ кәсіби іскерлігін ұштастыруымен байланыстыра әртүрлі міндеттерімен орындау негізін қалыптастыру.Сонымен қатар білім алушылар арасындағы кері байланыс лекция барысындағы сұрақ-жауап, пікірталас барысынан көрінді.