Ашық сабақ
2026-01-05
«Халықаралық бизнес және менеджмент»» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Д.М.Жантасованың «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен «Қаржы нарығы және инвестициялар» тақырыбы бойынша 10.10.2025ж., сағат 14-30, 415 дәріс аудиториясында ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Халықаралық бизнес және менеджмент»» кафедрасының аға оқытушысы Нышанбаева Ж.У., Батырбек Н.Б. «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Темирова Ж.Ж., Сапарбаева Э.А., Саметова Г.А. және басқа да кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Тақырыпты ашу барысында білім алушылар бейнебаян бойынша сұрақтарға жауап берді: Қаржы мемлекеттік құрылымды қалыптастырудың маңызды буыны болып табылады. Қаржы нарығының негізгі мақсаты – қаржы ресурстарын түпкілікті тұтынушылар арасында жинақтарды тиімді бөлуді қамтамасыз етуі мен қаржы нарығының мақсатын орындау қаржы нарығының функцияларын жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылатының жеткізді. Лектор мен білім алушылар арасындағы кері байланыс лекция барысындағы сұрақ-жауап, пікірталас барысынан көрінді.

