Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2025-10-22

Экономика және басқару
Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

22.10.2025ж., сағат 10-30, Coworking  аудиториясында «Экономика және басқару» кафедрасының магистр, аға оқытушысы А.С.Манбетованың «Қаржы нарығы және делдалдар» пәнінен «Сақтандыру нарығы және  оның  ерекшеліктері» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Темирова Ж.Ж.,  Абдурахманова З.А., басқа да кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Тақырыпты ашу барысында білім алушылар бейнебаян бойынша сұрақтарға жауап берді: Сақтандыру нарығының экономикалық қызметтері,  сақтандыру келісімшартын таңдағанда нені ескеру керек, сақтандыруды таңдаудағы критерийлер бойынша жағдаят құрастырды және шешті. Лектор мен білім алушылар арасындағы кері байланыс лекция барысындағы сұрақ-жауап, пікірталас барысынан көрінді.