Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2025-12-29

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының магистр аға оқытушысы Қ.Ш.Алимова оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес 10 желтоқсан күні «Білім берудегі инновациялық технологиялар»  пәнінен  «Проблемалық оқыту технологиясы»тақырыбында Пик-22-5к1 және Пик-22-5к7 оқу топтарымен ашық сабақ өткізді. Дәріс барысында оқытушы білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған проблемалық жағдаяттар ұсынып, олардың ойлау, талдау және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ерекше назар аударды. Проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар арқылы білім алушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық қабілеттері және зерттеушілік әрекеті белсенді түрде қалыптастырылды.

Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Амирова Г.О. қатысып, сабақтың жоғары әдістемелік деңгейде өткенін, оқытушының заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданғанын және студенттердің белсенділігін атап өтті. Ашық сабақ мазмұнды өтіп, қойылған мақсаттар толық орындалды.