Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2025-12-29

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Сұлтанбекова А.Ә.  оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес 25.11.25ж. «Психология дошкольного и младшего школьного возраста» пәнінен  «Межличностные отношения в дошкольном и младшем школьном возрасте» тақырыбы бойынша 2 курс Пик 24-5р тобында ашық сабақ өткізді. Дәріс бойынша қойылған мақсат -міндеттер орындалды, сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақтың құрылымы оқу бағдарламасына толық сәйкес келіп мақсаттары мен күтілетін нәтижелері нақты айқындалды. Оқытушы мектепке дейігі және бастауыш мектеп балаларының өз-ара  байланыстарына толық сипаттама берды. Оқытушы мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқышыларының дамуына қысқаша сипаттама берді, қарым-қатынас ерекшеліктерін  толық көрсете  алды. Дәріс барысында тақырып бойынша презентация ұсынылды, пікір-талас әдісі қолданылды.

      Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Амирова Г.О. қатысып, сабақтың жоғары әдістемелік деңгейде өткенін, оқытушының заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданғанын және студенттердің белсенділігін атап өтті. Ашық сабақ мазмұнды өтіп, қойылған мақсаттар толық орындалды.