Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны
2025-12-27
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы А.Байболова «Балалар әдебиеті» пәнінен 6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс Фи-23-1к1, Фи-23-1к2, Фи-23-1к3, оқу топтарына «Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқытушы сабақ барысында Мұқағали Мақатаевтың өмір жолын, шығармашылық болмысын терең әрі жүйелі түрде таныстырып, ақын тұлғасын қазақ балалар әдебиеті мен ұлттық поэзияның көрнекті өкілі ретінде аша білді. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, олардың әдебиетке деген қызығушылығын оятты. Теориялық білім мен тәрбиелік мазмұн өзара үйлесім тауып, сабақтың мазмұнын байыта түсті.
Сонымен қатар, ашық сабақ болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Студенттер ақынның шығармашылығын меңгере отырып, әдеби тұлғаны оқыту әдістерін де тәжірибе жүзінде көрді. Сабақ барысында ұлттық құндылықтар, адамгершілік, отансүйгіштік идеялары кеңінен насихатталып, тәрбиелік мақсат толық орындалды.

