«Қазақ эпосының поэтикасы» атты ғылыми семинар
2025-12-27
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессор м.а., ф.ғ.к. А.А. Мамыт 6В01710-«Қазақ тілі мен әдебиеті» (IP), 6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау», 7М01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламаларына 11.12.25ж. күні «Қазақ эпосының поэтикасы» атты ғылыми семинар өтті.
«Қазақ эпосының поэтикасын зерттеу – тек әдеби мәтінді талдау ғана емес, ол халықтың тарихи жады мен рухани болмысын танудың маңызды жолы. Бұл тақырып студенттер үшін де, оқытушылар үшін де аса өзекті.
Студенттер үшін қазақ эпосының поэтикасы ұлттық мәдениетті терең түсінуге, көркем мәтінді талдау дағдысын қалыптастыруға және әдеби ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Эпостық жырлар арқылы студенттер халықтың дүниетанымын, эстетикалық талғамын және тарихи санасын таниды.
Сондықтан, қазақ эпосының поэтикасы – білім алушы мен білім берушіні байланыстыратын, ұлттық рухты жаңғыртатын, бүгінгі білім беру үдерісінде маңызын жоймайтын өзекті тақырып деп қорытындылауға болады.» - деп кафедраның профессор міндетін атқарушы Мамыт Амангелді Алпысбайұлы өз ойын жинақтады. Студенттерге де оқытушыларға да маңызды тақырып болды.

