Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2025-12-04

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының магистр оқытушысы Серикбаева Қ.Д. оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес 4 желтоқсан күні «Дефектология» пәнінен «Мінез-құлқы бұзылған балалар» тақырыбында Пик-24-5к11 және Пик-24-5к12 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – студенттердің тақырып бойынша білімдерін тереңдету және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болды.

Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Амирова Г.О. қатысып, сабақтың жоғары әдістемелік деңгейде өткенін, оқытушының заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданғанын және студенттердің белсенділігін атап өтті. Ашық сабақ мазмұнды өтіп, қойылған мақсаттар толық орындалды.