🇨🇳 🇰🇿 TASHENEV UNIVERSITY МЕН HUATEC ПЕКИН ҚАЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
2025-12-23
2025 жылғы 22 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында Tashenev University делегациясы мен Beijing Huatec Information Technology Co., Ltd. компаниясының басшылығы арасында ресми кездесу өтті. Кездесу аясында цифрлық және кәсіби білім беру саласындағы халықаралық серіктестікті дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Tashenev University делегациясының құрамына:
• Жанар Рысбекова — вице-ректор;
• Даулет Душабаев — IT және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы кірді.
Сапар барысында университет өкілдері Huatec компаниясының заманауи инфрақұрылымымен танысты, оның ішінде:
• зияткерлік оқу-өндірістік зертханалар;
• цифрлық оқыту және инженерлік даярлау зертханалары;
• VR/AR-зертханалар мен симуляциялық орталықтар;
• Smart Factory шешімдері және жабдықтардың цифрлық егіздері.
Huatec компаниясының білім беру мен өндірісті интеграциялау, білім беру үдерістерінде жасанды интеллектіні қолдану, сондай-ақ өнеркәсіп пен цифрлық экономиканың нақты сұраныстарына бағытталған кадр даярлау модельдері ерекше қызығушылық тудырды.
Тараптар:
• бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру;
• Tashenev University базасында мамандандырылған зертханалар құру;
• студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;
• халықаралық жобалар мен цифрлық бастамаларға қатысу перспективаларын талқылады.
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою және Huatec компаниясына жасалған таныстыру сапары Tashenev University-дің халықаралық ынтымақтастығын нығайтудағы маңызды қадам болып, озық білім беру технологияларын енгізу мен мамандар даярлау сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.





