Тәшенев университет UI GreenMetric 2025 тұрақты даму жөніндегі әлемдік рейтингке енді
2025-12-21
Тәшенев университеті тұрақты даму, экологиялық жауапкершілік және әлеуметтік ықпал салаларындағы қызметін бағалайтын UI GreenMetric World University Rankings 2025 халықаралық рейтингіне енгізілді.
2025 жылғы қорытынды бойынша Тәшенев университет әлемдік рейтингте 1693-орынға және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында 28-орынға ие болды. Университет білім беру, ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде тұрақты даму қағидаттарын жүйелі түрде енгізгені үшін 105 елден 1 745 университеттің қатарына енді:
https://greenmetric.ui.ac.id/rankings/overall-rankings-2025
UI GreenMetric - тұрақты даму мәселелеріне толықтай бағытталған әлемдегі алғашқы университеттік рейтинг. Бағалау кампустық инфрақұрылым, энергия және климаттың өзгеруі, қалдықтарды басқару, су ресурстарын пайдалану, көлік саясаты, сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі сияқты алты негізгі бағыт бойынша жүргізіледі.
2025 жылы рейтингке қатысушы жоғары оқу орындарының саны айтарлықтай артты, бұл жоғары білім беру жүйесінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы рөлінің күшейіп келе жатқанын айқындайды. Тәшенев университеттің рейтингке енуі оның халықаралық академиялық кеңістікке интеграцияланғанын және тұрақты даму саласындағы озық әлемдік тәжірибелерге бағдарланғанын көрсетеді.
Аталған нәтиже университеттің институционалдық дамуының маңызды кезеңі болып табылады және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ тұрақты даму бағытындағы бастамаларды нығайтуға негіз қалайды.

