«Java тілі» пәнінен ашық сабақ өтті
background

«Java тілі» пәнінен ашық сабақ өтті

2025-12-15

Медиатека / Жаңалықтар / «Java тілі» пәнінен ашық сабақ өтті

Оқытушы: Кенжебаева Улжан Елюбаевна

Тақырып: Java тіліндегі фреймдер

Сабақтың мақсаты - студенттерге Java тілінде графикалық интерфейс құрудың негізгі принциптерін түсіндіру, фреймдердің құрылымы мен қолданылуын меңгерту, сондай-ақ практикалық тапсырмалар арқылы интерфейс элементтерін қолдану дағдыларын қалыптастыру болды. Сабақ мұқият жоспарланып, оқу материалын түсінікті және жүйелі түрде жеткізуге бағытталды. Оқытушы тақырыптың мазмұнын жоғары академиялық деңгейде түсіндіріп, Java фреймдерінің құрылымдық моделі, компоненттердің иерархиясы, оқиғалармен жұмыс механизмі сияқты күрделі ұғымдарды ғылыми дәлдікпен сипаттап өтті. Материал логикалық сабақтастықпен беріліп, теориялық тұжырымдамалар нақты мысалдар арқылы терең талданды. Дәріс барысында оқытушы көрнекі материалдар мен интерактивті әдістерді тиімді қолдана отырып, студенттердің белсенділігін арттырды. Ашық сабақ мақсаты толық орындалды.