«Алгоритмдер және деректер құрылымы» пәнінен ашық сабақ өтті
2025-12-12
Оқытушы: Нышанбаева Жанар Усербаевна
Тақырып: Working with Files
Сабақтың мақсаты - студенттерге файлдармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін меңгерту, файлдарды оқу, жазу және өңдеу үдерістерін түсіндіру, сондай-ақ бұл дағдыларды квест тапсырмалары арқылы практикалық деңгейде бекіту.
Оқытушы дәріс мазмұнын дәстүрлі түсіндіру әдістерімен шектемей, файлдармен жұмыс істеу алгоритмдерін квест элементтері арқылы меңгертуді мақсат етті. Сабақтың құрылымы бірнеше кезеңнен тұрып, әр кезеңде студенттер логикалық тапсырмалар, қысқа код фрагменттерін талдау, алгоритмдік ситуацияларды шешу сияқты практикалық әрекеттер орындады.
Квест форматы студенттердің қызығушылығын арттырып, теорияны бірден практикада қолдануға мүмкіндік берді. Әрбір тапсырма нақты бір модульді немесе файлдық құрылыммен жұмыс істеудің белгілі бір аспектісін түсінуге бағытталды. Оқытушы интерактивті тақта, бейнематериалдар, онлайн тапсырмалар және кестелік схемаларды тиімді қолданды, бұл студенттердің оқу материалын қабылдауын жеңілдетті.
Сабақтың қорытындысында оқытушы негізгі теориялық тұжырымдарды жинақтап, студенттердің орындаған тапсырмаларын талдап, нәтижелер бойынша қысқаша кері байланыс берді. Қосымша әдебиеттер мен практикалық жаттығулар ұсынылды.
