ТАSHENEV UNIVERSITY ЖӘНЕ APPLIED SCIENCE PRIVATE UNIVERSITY (ASU) АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
background

ТАSHENEV UNIVERSITY ЖӘНЕ APPLIED SCIENCE PRIVATE UNIVERSITY (ASU) АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2025-11-12

Медиатека / Жаңалықтар / ТАSHENEV UNIVERSITY ЖӘНЕ APPLIED SCIENCE PRIVATE UNIVERSITY (ASU) АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Tashenev University вице-ректоры Жанар Рысбекова Иорданияның Амман қаласында орналасқан Applied Science Private University (ASU) басшылығымен стратегиялық бағыттағы кездесу өткізді. ASU – Таяу Шығыстағы жетекші жеке университеттердің бірі, QS халықаралық рейтингіне енген, заманауи инфрақұрылымы мен цифрлық технологияларды дамытуға басымдық беретін жоғары оқу орны.
Кездесу барысында екі тарап кең ауқымды ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда:
• Студенттер мен оқытушылар алмасуы
• Ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыру
• Жасанды интеллект, деректер ғылымы, цифрлық инженерия бойынша ортақ бастамалар
• Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу
• Лабораториялық және МТБ базасын қолдану арқылы практикалық зерттеулер жүргізу
Ташенев Университетінің делегациясы ASU-дың заманауи зертханаларымен, техникалық-материалдық базасымен, цифрлық инфрақұрылымымен және инженерлік, ІТ бағыттарындағы оқу-ғылыми орталықтарымен танысты. Әсіресе жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу, нейротехнологиялар, киберқауіпсіздік және Data Science бағыттарында ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
🏛️ ASU жөнінде қысқаша:
• 1991 жылы құрылған, Аймақтың ең беделді жеке университеттерінің бірі
• 50-ден астам бакалавриат және магистратура бағдарламалары
• Engineering, Computer Science, AI, Cybersecurity бағыттары айтарлықтай дамыған
• Халықаралық серіктестіктерге белсенді қатысады, инновациялық зерттеулерге көп көңіл бөледі
🤝 Тараптар жақын уақытта академиялық әріптестікті жүйелі түрде нығайтып, Ташенев Университетінің халықаралық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты.