«ТҮЛЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ»: TASHENEV UNIVERSITY МАНСАП ҚҰРУҒА БАСТАЙТЫН МАҢЫЗДЫ АЛАҢ
background

«ТҮЛЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ»: TASHENEV UNIVERSITY МАНСАП ҚҰРУҒА БАСТАЙТЫН МАҢЫЗДЫ АЛАҢ

2025-11-12

Медиатека / Жаңалықтар / «ТҮЛЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ»: TASHENEV UNIVERSITY МАНСАП ҚҰРУҒА БАСТАЙТЫН МАҢЫЗДЫ АЛАҢ

2025 жылдың 12 желтоқсанында Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университетінде Жұмыспен қамту және мансап орталығының ұйымдастыруымен «Түлек және еңбек нарығы» атты кеңейтілген форматтағы дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыс берушілермен тұрақты байланыс орнатып, түлектерді жұмыспен қамту тетіктерін талқылау, өндірістік тәжірибе мәселелерін шешу және жаңа серіктестік меморандумдарға қол қою.
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚАТЫСҚАН КЕҢ АУҚЫМДЫ ПЛАТФОРМА
Дөңгелек үстелге Шымкент қаласы әкімдігі Еңбек мобильділігі мансап орталығының басшысы Жаннат Оспанханова, сондай-ақ қаладағы жетекші мектептер, лицейлер, колледждер, денсаулық сақтау ұйымдары, өндірістік компаниялар және білім беру ұйымдары қатысты.
Олардың қатарында:
– №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы
– №119 «Маятас» мектебі
– А.Бөкейханов атындағы №2 мектеп
– №14 Айбек мектебі
– №66 «Қазығұрт» мектебі
– Назарбаев Зияткерлік мектебі (Шымкент-Қаратау)
– М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі
– «Баланс Сервис» ЖШС
– «Евразиялық жаңа құрылыс технологиялары корпорациясы» ЖШС
– «Nur-Com-Tel»
– «Денсаулық» медицина және оңалту орталығы
– ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент филиалы
және басқа да ірі серіктестер.
Сонымен бірге шараға университеттің бітіруші курс студенттері қатысып, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер туралы тікелей ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.
СТУДЕНТТЕРГЕ– НАҚТЫ ҚОЛДАУ, ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ – ТИІМДІ СЕРІКТЕСТІК
Қалалық Мансап орталығының өкілдері жастарға арналған:
• тегін курстар,
• қысқа мерзімді мамандықтар,
• жұмысқа орналасуға қолдау,
• сұхбатқа дайындық,
• өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері
туралы жан-жақты ақпарат берді.
Студенттер тікелей сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған бағыттар бойынша толық жауаптар ала алды. Университеттің өз Мансап орталығы да түлектерге тұрақты түрде қолдау көрсететінін атап өтті.
РЕКТОР ҚАНАТ БАЙБОЛОВ: «БІЗДІҢ МІНДЕТ – ӘР ТҮЛЕКТІҢ ЖОЛЫН АШУ»
Tashenev University ректоры Қанат Байболов іс-шараның маңыздылығын атап өтті:
«Бүгінгі еңбек нарығы қарқынды өзгеріп жатыр. Біздің студенттер тек білім алып қана қоймай, кәсіби ортаға еркін ене алуы тиіс. Университеттің басты міндеті – түлектің әрқайсысына нақты қолдау көрсету, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату және жастарға өз әлеуетін жүзеге асыруға жол ашу. Бүгінгі кездесу – осы мақсаттағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі», – деді ректор.
Сонымен қатар ол университеттің серіктестік географиясын кеңейтіп, еңбек нарығына бейімделген жаңа бағдарламаларды дамытуға басымдық беретінін атап өтті.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҮЗДІК ҮЛГІСІ
Дөңгелек үстел – білім беру ұйымдарының, мемлекеттік мекемелер мен жұмыс берушілердің жастардың мансап жолына бағыт беру үшін бірлесе әрекет ете алатынын көрсеткен жарқын мысал. Бұл кездесу студенттер үшін нақты мүмкіндіктер ашып қана қоймай, өңірдегі кадрлық әлеуетті нығайтуға да үлес қосады.