Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2025-11-03

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

2025 жылдың 15 қазан күні сағат 14:30-да «Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Т.Ж. Турсунованың ұйымдастыруымен 107 аудиторияда ФИ-24-9к4 тобы студенттерінің қатысуымен «Was alles zum Sport gehört» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында қолданылатын үлгілер мен мысалдарға ерекше көңіл бөлініп, білім беру және тәрбиелік мәні бар жағдайлар қарастырылды. Мұғалім арнайы көмекші құрал ретінде өлеңдер, мақалдар, тақпақтар, сондай-ақ атақты адамдардың ұлағатты және қанатты сөздерін пайдаланды. Бұл әдістер студенттердің сабаққа қызығушылығын арттырып, білім беру мотивациясын күшейтті.

Сабақ барысында студенттер белсенді қатысып, тапсырмаларды орындау барысында өз пікірлерін білдірді, топтық және жеке жұмыстарға қатысты. Мұндай сабақтар студенттердің тілдік дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен үлес қосады.