Ашық сабақ
2025-11-03
2025 жылдың 19 қараша күні “Әлем тілдері” институтында “Әлем тілдері” кафедрасының оқытушысы, магистр Оразбаева Анара Ғаниқызы “Сыни ойлауды дамыту әдістері” тақырыбында оқытушыларға арналған семинар-сабақ өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты - қатысушылардың сыни ойлау ұғымын терең түсінуін кеңейту, заманауи әдіс-тәсілдермен таныстыру және шешім қабылдау дағдыларын дамыту болды. Семинар барысында қатысушылар топтарға бөлініп арнайы викториналарға қатысты, өз ойларын ортаға салып, түрлі әдістерді тәжірибеде сынап көрді.
Қатысушылар тек семинарға қатысып қоймай, бір-бірімен тәжірибе алмасты, кәсіби мәселелерді талқылады, жаңа әдістемелік тәсілдерді қарастырды. Әрбір қатысушы өзіне қажетті құнды ақпараттарды алғанына сенімді.
Осындай семинарлар оқытушылардың кәсіби дамуына, сыни ойлау қабілеттерін жетілдіруге және оқу процесін жақсартуға үлкен үлес қосады.

