Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2025-11-03

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

2025 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 14:30-да «Әлем тілдері» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Ш.Е. Серикбаеваның ұйымдастыруымен 304 аудиторияда ФИ-24-9Р тобы студенттерінің қатысуымен «World renowned singers and musicians» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттер белсенділік танытып, бір-бірімен ой бөлісті, тапсырмаларды шығармашылықпен орындады және топтық жұмысқа ерекше көңіл бөлді. Әр студент өзінің пікірін ашық айтып, музыкалық әлемнің атақты тұлғалары туралы зерттеу жүргізді. Сонымен қатар, студенттер мультимедиялық материалдарды қолдана отырып, презентациялар жасап, өз ойларын дәлелдеп көрсетті.

Оқу процесінде мұндай сабақтар шығармашылық қабілеттерді дамытуға, сын тұрғысынан ойлауға және командалық жұмысқа дағдылануға көмектеседі. Студенттердің қызығушылығы мен ынтасы ұстаз үшін үлкен шабыт болып табылады. Мұндай сәттер әрдайым кәсіби дамуға және болашақ сабақтарды жетілдіруге түрткі болады.

Барлық қатысушыларға қолдауы, белсенділігі және жылы пікірлері үшін алғыс айтамыз. Студенттердің білімге деген құштарлығы мен ынтасы - оқу процесінің басты жетістігі.