Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2025-11-03

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

2025 жылдың 1 желтоқсан күні сағат 12:30-да «Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы С.Т. Мирзагаликованың ұйымдастыруымен 203 аудиторияда ФИ-23-9к-1, 2, 5 топ студенттерінің қатысуымен «Communicative types of the sentence. Parts of the English sentence» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттер өте белсенді болып, барлық іс-шараларға қатысып, теориялық мәселелерді талқылады, топтық және жеке жұмыстарды орындады, сондай-ақ әр түрлі жаттығулар арқылы грамматикалық және коммуникативтік дағдыларын дамытты.

Әр студент өз ойымен бөлісіп, сұрақтар қойып, сабаққа шығармашылық көзқараспен қарады. Мұндай белсенділік оқу процесін қызықты әрі тиімді етеді. Осындай сәттер ұстаз үшін үлкен шабыт көзі болып табылады, өйткені студенттердің ынтасы мен қатысуы білім берудің негізгі жетістігі болып саналады.

Барлық қатысушыларға қолдауы мен жылы пікірлері үшін алғыс айтамыз. Студенттердің білімге деген қызығушылығы мен белсенділігі - оқу процесінің басты жетістігі.