JASTAR QURYLTAYI — ЖАҢА СТУДЕНТТІК КӨШБАСШЫЛАР ҚҰРАМЫ
2025-11-01
Tashenev University-де студенттердің бастамаларын қолдауға, жастар арасындағы көшбасшылық мәдениетті қалыптастыруға және университет пен студенттік орта арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған JASTAR QURYLTAYI атты жаңа басқару моделі ресми түрде құрылды.
Бұл модель — студенттердің үнін естуге, олардың ұсыныстарын жүзеге асыруға және жастарға қатысты шешімдерді бірге қабылдауға арналған ашық алаң. Jastar Quryltaiy университет жастарының белсенділігін арттырып, факультеттер арасындағы байланыстарды күшейтетін маңызды құрылым болмақ.
ҚҰРАМ:
СТУДЕНТТІК РЕКТОР — Даур Амина Қайратқызы
Студенттер қауымының бас өкілі. Университет деңгейіндегі студенттік мәселелер мен жобаларды үйлестіріп, жастар атынан ұсыныстар енгізеді және барлық бағытты стратегиялық түрде басқарады.
СТУДЕНТТІК ПРОРЕКТОР — Абдигапбарова Мерей Мұхамеджанқызы
Факультеттер арасындағы бірлескен жұмысты ұйымдастырып, студенттік бастамалардың жүзеге асуын бақылап, іс-шаралардың сапалы өтуіне жауап береді.
СТУДЕНТТІК ДИРЕКТОР — Тулеген Назерке Нұрлыбекқызы
Студенттік кеңсенің ішкі жұмысы, коммуникация, контент және ұйымішілік ақпарат алмасу процестерін жүйелейді.
СТУДЕНТТІК ДЕКАНДАР:
Иса Мұхаммед — Педагогика және гуманитарлық білім факультеті
— Факультет студенттерінің мүддесін қорғайды, ұсыныстарын жеткізеді.
Рашитова Әдемі — Мәдениет және спорт факультеті
— Шығармашылық пен спорт бастамаларын дамытуға жетекшілік етеді.
Мирсагатов Мырсултан — Экономика және құқық факультеті
— Студенттердің академиялық және әлеуметтік мәселелерімен жұмыс жүргізеді.
Базарбай Айнұр — IT және жаратылыстану факультеті
— Ғылыми, техникалық жобалар мен инновациялық идеяларды қолдайды.
“ЖАСТАР РУХЫ” ЖЕТЕКШІСІ — Керимбай Гүлмарал
Университет жастарының патриоттық, әлеуметтік және еріктілік бағыттағы жобаларын дамытуға бағытталған жетекші фигура.
Jastar Quryltaiy — жастар арасындағы жаңа идеялар мен бастамалардың іске асуына мүмкіндік беретін орта.
Жаңа құрамға толағай табыс тілейміз! Университетіміздің студенттік ортасы енді одан да белсенді, жаңашыл және ашық болмақ.








