Университетіміздің жас ғалымдары республикалық дөңгелек үстелге қатысты
2025-11-28
Медиатека / Жаңалықтар / Университетіміздің жас ғалымдары республикалық дөңгелек үстелге қатысты
2025 жылғы 28 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жас ғылымды дамыту стратегиясы: мәселелерден шешімдерге дейін» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақ-Британ техникалық университетінде ұйымдастырылды.
Біздің университет атынан Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері қатысты:
- Рахметуллақызы Айсулу – IT және цифрлық технологиялар кафедрасының оқытушысы;
- Сыдықбай Мерейлі – Жобаларды коммерцияландыру және сүйемелдеу орталығының жоғары білікті маманы;
- Сматұлла Тоғжан – IT және цифрлық технологиялар кафедрасының оқытушысы.
Қатысушылар жас ғылымды дамыту бағыттары мен өзекті мәселелердің шешу жолдарын талқылап, кәсіби тәжірибе алмасты.
Бұл іс-шара жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға, саладағы жаңашыл идеяларды қолдауға және ғылыми ортадағы серіктестікті дамытуға мүмкіндік берді. Тәшенев университеті алдағы уақытта да студенттер мен жас мамандардың ғылыми бастамаларын қолдауды жалғастырып, оларды маңызды ғылыми алаңдарға қатысуға ынталандырады.

