Құттықтаймыз
background

Құттықтаймыз

2025-11-25

Медиатека / Құттықтаулар / Құттықтаймыз

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті «ІТ және цифрлық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Нахипова Венера Исмаиловнаны 8D01503 – «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша «Білім алушылардың академиялық үлгерімін болжауда машиналық оқытуды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 19.11.2025 ж. күнгі N2067 бұйрығымен философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы ғылыми қызметіңізге шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, еліміздің білім беру саласын дамыту мен болашақ информатика педагогтерін даярлауда толағай табыстар тілейміз!

«ІТ және жаратылыстану ғылымдары» факультеті және кафедра ұжымы