ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ІС-ШАРАДА БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР ӨЗДЕРІН ТАНЫТТЫ
background

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ІС-ШАРАДА БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР ӨЗДЕРІН ТАНЫТТЫ

2025-11-17

Медиатека / Жаңалықтар / ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ІС-ШАРАДА БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР ӨЗДЕРІН ТАНЫТТЫ

Бүгін Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығында» Халықаралық студенттер күніне арналған қалалық мерекелік іс-шара өтті. Шараға Tashenev University студенттері белсенді қатысып, университет атынан жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Іс-шара барысында жастар саясатына белсенді атсалысып, қала өміріне елеулі үлес қосып жүрген студентіміз Мерей Мұхамеджанқызы Абдигапарова Алғыс хатпен марапатталды. Бұл марапат – оның қоғамдық жұмыстарға белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің айғағы.
Сонымен қатар, университетіміздің талантты студенті, әнші қыз Әсілбек Әсел қалалық іс-шарада өнер көрсетіп, шараның сәнін келтірді. Оның әсерлі орындауы көрермендер тарапынан жылы қабылданды.
Мерейдің пікірі:
«Бұл марапат мен үшін үлкен мәртебе. Жастар саясатына үлес қосу – менің азаматтық міндетім. Университетіме көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын», – деді ол.
Tashenev University ұжымы студенттерімізді шын жүректен құттықтайды!
Жетістіктеріңіз арта берсін, шығармашылық пен білім жолындағы қадамдарыңыз сәтті болсын! 💙🎓✨