TASHENEV UNIVERSITY «BILIM JÁNE BOLASHAQ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
2025-11-14
Медиатека / Жаңалықтар / TASHENEV UNIVERSITY «BILIM JÁNE BOLASHAQ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
«Корпорация «SANA OIL» АҚ-ның қолдауымен «SANA» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС ұйымдастыруымен талапкерлерге болашақ мамандықтарын таңдауға жәрдемдесу мақсатында «BILIM JÁNE BOLASHAQ» халықаралық білім беру көрмесі өтті.
Көрмеге еліміздің жетекші жоғары оқу орындары қатысып, олардың қатарында Tashenev University де өз білім беру бағдарламаларын таныстырды. Университет өкілдері талапкерлерге оқу бағыттары, гранттық мүмкіндіктер, академиялық артықшылықтар және дуальды білім беру жүйесі туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Бүгін Шымкент қаласында өткен шараға 2000-ға жуық мектеп түлегі қатысып, мамандықтар бойынша жаңа әрі пайдалы мәліметтер алды. Көрме қазан айында Батыс өңірінде бастау алып, Оңтүстік аймақта өз мәресіне жетуде.
Айта кетейік, бұл іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында ұйымдастырылуда. Бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда еңбекқорлық мәдениетін қалыптастыру, кәсіби маман болудың қадір-қасиетін арттыру және жастарды нақты еңбек дағдыларына ынталандыру.
Tashenev University талапкерлер үшін өз есігін айқара ашып, білім мен болашаққа бағыт беруге әрдайым дайын екенін атап өтеді.






