ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАЛЫҚ БІРЛІГІ МЕН КЕЛІСІМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ
background

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАЛЫҚ БІРЛІГІ МЕН КЕЛІСІМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ

2025-10-12

Медиатека / Жаңалықтар / ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАЛЫҚ БІРЛІГІ МЕН КЕЛІСІМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың жетекшілерімен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауында және ҚХА-ның XXXIV сессиясында белгіленген міндеттердің орындалу барысы, волонтерлікті дамыту, қоғамдық бастамаларды қолдау және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Марат Әзілханов өз сөзінде Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын табысты жүзеге асырып, ел бойынша үздік нәтижелердің бірін көрсеткенін атап өтті.
«Шымкент қаласы Ассамблеясының мүшелері әлеуметтік жауапкершілік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Этномәдени бірлестіктердің креативті жобалары қоғамда бейбітшілік, өзара құрмет пен сенім құндылықтарын нығайтуға зор үлес қосып отыр», – деді Марат Әзілханов.
Іс-шара барысында ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан зиялы қауым мен жастар өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Олардың қатарында Tashenev University ректоры, профессор Қанат Байболов та бар.
«Бұл марапат – бүкіл университет ұжымының еңбегіне берілген баға. Біз жастарға татулық пен келісімнің, бірлік пен өзара құрметтің маңызын түсіндіруді басты міндетіміз деп білеміз. Tashenev University әрқашан қоғамның рухани және әлеуметтік дамуына үлес қосуға дайын», – деді Қанат Байболов.
Кездесу соңында тараптар азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.