TASHENEV UNIVERSITY ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Медиатека / Жаңалықтар / TASHENEV UNIVERSITY ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Tashenev University ұжымына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаттары табысталды. Салтанатты рәсім барысында марапаттарды университеттің басқарма төрағасы Оналбай Аяшев табыстап, қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалады. Алғыс хаттар 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу ісіне қосқан үлесі үшін берілді. Бұл марапаттар университет қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі мен білім беру сапасын арттыру жолындағы еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Алғыс хатпен марапатталғандар: Канат Байболов – университет ректоры, Меруерт Доскараева – аға медбике, Сергей Шпенглер – Цифрлық даму орталығының бөлім басшысы, Мереке Исмайлова – Формальді емес білім беру департаментінің директоры.
Басқарма Төрағасы Оңалбай Аяшев өз сөзінде: «Университетіміздің табысы – ең алдымен оның адамдық капиталы мен адал еңбегінде. Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаты – біздің қызметкерлердің еңбегіне берілген әділ баға. Бұл марапат барша ұжымға шабыт беріп, алдағы жұмыста жаңа жетістіктерге жол ашады», – деп атап өтті.
Tashenev University ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс, шығармашылық табыс және жаңа биіктерді бағындыруға тілектестік білдіреді.




