«Art Aura» студенттік тобы «MindCraft» интеллектуалды ойынына қатысты
2025-11-11
2025 жылдың 5 қарашасында «Дизайн және мода» кафедрасының ПиК 25-14-к2; 3; 4; 5 топтарының 1-курс студенттерінен құралған «Art Aura» тобы «MindCraft» атты қызықты интеллектуалды ойында өз шеберліктерін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, командалық рухты нығайту, сондай-ақ бірінші курс студенттерін университеттің белсенді өміріне тарту болды. Ойын қорытындысы бойынша команда алғыс хатпен марапатталды.
Бұл конкурс «Tashenov Union» студенттік клубының қызметі аясында өткізілді. Клубтың негізгі мақсаты – бірінші курс студенттерін университеттің мәдени және шығармашылық өмірімен таныстыру және жаңа қатысушыларды тарту.
«Art Aura» тобын шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз! 🎨✨








