Болашақ осы жерден басталады!
background

Болашақ осы жерден басталады!

2025-11-03

Медиатека / Жаңалықтар / Болашақ осы жерден басталады!

Бүгін, 31 қазан күні, Ж. Тәшенев атындағы Университеттің Экономика және құқық факультетінің студенттері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Даму және бизнес-әкімшілендіру департаментінің директоры Абрамбаев Әлібек Қасымұлымен кездесті 💼
Қонақ компанияның стратегиялық дамуы бойынша тәжірибесімен бөлісіп, Қазатомөнеркәсіпте мансап қалай қалыптасатыны және жас мамандар үшін қандай мүмкіндіктер бар екенін айтып өтті.
🔥 Студенттер тәжірибе, жұмысқа орналасу және кәсіби өсу тақырыптарында белсенді сұрақтар қойды. Кездесу жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті!
🤝 Алда — университет пен Қазатомөнеркәсіп арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою. Жаңа көкжиектер жақын!