🇰🇿🇯🇴 ТАSHENEV UNIVERSITY ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖЕКЕ УНИВЕРСИТЕТІ (ИОРДАНИЯ) АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
background

🇰🇿🇯🇴 ТАSHENEV UNIVERSITY ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖЕКЕ УНИВЕРСИТЕТІ (ИОРДАНИЯ) АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

2025-11-03

Медиатека / Жаңалықтар / 🇰🇿🇯🇴 ТАSHENEV UNIVERSITY ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖЕКЕ УНИВЕРСИТЕТІ (ИОРДАНИЯ) АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

30–31 қазан күндері Астанада бүкіл әлемнің білім және ғылым саласындағы жетекші өкілдерін біріктірген «Қазақстан — академиялық білім аумағы» атты халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің зияткерлік және технологиялық дамуы үшін жоғары білімнің стратегиялық маңызын атап өтті.

Tashenev University форумның белсенді қатысушысы болып, халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында тағы бір маңызды қадам жасады. Форум аясында Tashenev University мен Қолданбалы ғылымдар жеке университеті (Private University of Applied Sciences, Иордания) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аталған жоғары оқу орны Times Higher Education және QS әлемдік рейтингтерінде жетекші орындарға ие.

Бұл келісім академиялық алмасу, бірлескен зерттеулер мен инновациялық білім беру жобаларын іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Келісімге Tashenev University атынан университет ректоры Канат Байболов, ал иорданиялық тараптан — доктор Мохаммад әл-Наджжар, Қолданбалы ғылымдар жеке университетінің рейтингтер комитетінің мүшесі және президенттің ғылыми зерттеулер жөніндегі кеңесшісі қол қойды. Қол қою рәсімі Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өтті.

«Бүгін біз Қазақстан мен Таяу Шығыс арасындағы академиялық көпірлерді нығайтып отырмыз. Әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік — бұл тек халықаралық мәртебе ғана емес, сонымен қатар жаңа білім, инновация және біздің студенттер мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру жолы», — деп атап өтті Tashenev University ректоры Канат Байболов.

Форум идеялар алмасудың, стратегиялық байланыстарды нығайтудың және Қазақстанды өңірлік академиялық орталық ретінде ілгерілетудің маңызды алаңына айналды.