🌟 «Әлем тілдері» кафедрасының ғылыми жетістігі
2025-10-30
«Әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары Артықбаева Фазила Ілмарқызы, Турсынова Гулдар Исмайловна, Мирзахмедова Жаннат Жаулановна Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жобалар конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды.
2025 жылдың 22 шілдесінде Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен олардың АР 26197519 жобасы –
«Жасанды интеллект негізінде шетел тілін оқытуда цифрлық технологиялар мен геймификация интеграциясы: Тілдік құзіреттіліктердің жаңа көкжиектері»
атты ғылыми жоба 61 734 671,00 теңге көлемінде гранттық қаржыландыруға ие болды.
Аталған жоба ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің №311 келісім-шарты аясында жүзеге асырылады.
Жоба командасында кафедра оқытушыларымен қатар, 6В01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау білім бағдарламасының 3-курс студенті Сапарбай Клара да ғылыми ізденіске белсенді түрде атсалысуда.
Бұл жетістік – кафедра ұжымының жоғары ғылыми әлеуетін, заманауи зерттеу бағыттарын меңгеруін және студенттерді ғылыми қызметке тартудағы табысты қадамын көрсетеді.

