Ж.А. Тәшенов университеті студенттері «Exclusive Invitation, ART-Үй,Интерьер,Креатив индустрия және Дизайн» форум-көрмесіне қатысты
background

Ж.А. Тәшенов университеті студенттері «Exclusive Invitation, ART-Үй,Интерьер,Креатив индустрия және Дизайн» форум-көрмесіне қатысты

2025-10-28

Медиатека / Жаңалықтар / Ж.А. Тәшенов университеті студенттері «Exclusive Invitation, ART-Үй,Интерьер,Креатив индустрия және Дизайн» форум-көрмесіне қатысты

2025 жылдың 23 қазанында Ж.А.Тәшенов атындағы университеттің «Дизайн және Мода» кафедрасының  1 және 3 курс студенттері «Exclusive Invitation, ART-Үй,Интерьер,Креатив индустрия және Дизайн» форум-көрмесіне қатысып, кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Форумның негізгі мақсаты-студенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту, шығармашылық әуелетін қолдау, cеріктестік байланысар орнату және практикалық даярлық деңгейін жетілдіру болды. Іс-шара барысында қатысушылар дизайн саласындағы заманауи бағыттармен танысып, кәсіби қауымдастық өкілдерімен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, студенттер өздерінің авторлық шығармашылық жобаларын таныстырып,кәсіби пікірлер алды.
Форум қорытындысында қатысушыларға арнайы дипломдар табысталды. Бұл олардың белсенді азаматтық ұстанымын,кәсіби өсуге деген талпынысын және таңдаған салада табысты қызмет етуге дайын екендігін көрсетті.